
4 тамызда сағат 17:50-де Абай ауданы Южный кентінің маңындағы жасанды карьерде шомылуға жабдықталмаған жерде 1995 ж.т. жас бала суға батып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген Қарағанды облысының ТЖД құтқарушылары қараңғы түскенге дейін іздестіру жұмыстарын жүргізді. Келесі күні таңертеңнен бастап іздеу жалғасты. Жұмыстар барысында суға сүңгу жүргізіліп, эхолот қолданылды. Су қоймасының үлкен аумағы мен оның тереңдігіне байланысты іздеу жұмыстары қиын болған. Сүңгуірлік жұмыстар 100х100 метр алаңда 12-24 метр тереңдікте жүргізілді. Құтқарушылар 5 тамызда сағат 15:10-да суға батқан адамның денесін тауып, жағаға жеткізді.
Суға шомылу кезеңінің басынан бастап Қарағанды облысының су айдындарында шомылу кезінде 12 адам, оның ішінде 4 бала суға батып кетті.
Қарағанды облысының ТЖ департаменті судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Жол берілмейді:
- жабдықталмаған жерлерде суға түсуге;
- алкогольдік және есірткілік масаң күйде суға кіруге және шомылуға;
-қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секіруге;
- жүзу шекарасын белгіленген буйкалардан тыс жүзуге;
- жүзуге арналмаған заттармен жүзу;
- су қоймаларын ластау және бітеу;
- демалушыларға зақым келтіруі мүмкін қоқысты жағада және киім ауыстыратын бөлмелерде қалдыру;
- жалған дабылды айқайлау;
- техникалық және ескерту белгілеріне, буйкаларға көтерілу;
- суға ересектердің қадағалауынсыз балалардың кіруі.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі