
Қазақстанда АЭС салу тақырыбында референдумды түсіндірме бойынша Қарағанды облысы ТЖД жеке құрамымен кездесу.
2024 жылдың 1 қазанында қалалық халық штабының және Қарағанды облыстық «АМАНАТ» филиалының саяси кеңес мүшелерінің Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамымен кездесуі өтті. Басты тақырыпта, Мемлекет басшысының 2024 жылғы 6 қазан күні Қазақстанда атом электр стансасын салу бойынша, өтетін республикалық референдум туралы жарлығын түсіндіру болды.
Эльмира Маликова мен Мэлс Ешмұратов азаматтарды шешім қабылдауға тартудың маңыздылығына тоқталды. Артықшылықтар, қоршаған ортаға қауіпсізідігі және энергия тиімділігі, сонымен қатар тәуекелдер талқыланды.
Еліміздің энегретикалық саясатының болашағын қалыптастыруда әрбір дауыс маңызды екенін атап өтіп, референдумға белсенді қатысуға шақырумен жиын аяқталды.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі