ӨСБ бастықтарымен химиялық қауіпті нысандарды жұмыс істеу ерекшелігі бойынша сабақ өткізілді.
2024 жылғы 01 қазанда қызмет көрсету аумағында химиялық қауіпті объектілері орналасқан өрт сөндіру бөлімдерінің бастықтарына және кезекші өрт сөндіру қызметінің қызметкерлеріне теориялық және практикалық бөліктен тұратын сабақ ұйымдастырылды.
Теория кезінде химиялық қауіпті объектілерде өрт сөндірудің ерекшелігі, аммиак пен хлордың ағзаға әсері, зақымданудың белгілері және зардап шеккендерге көмек көрсету тәсілдері жайлы ақпарат жеткізілді.
Сондай ақ Департамент қызметкерлері әзірленген химиялық қауіпті объектіде өртті сөндіру кезінде өрт сөндіруші-құтқарушыларға арналған жадынама ұсынылды.
Практикалық бөлімде өрт сөндіру қызметкерлеріне «ТРЕЛЛЧЕМ» химиялық уланудан қорғау киімін кию тәртібі көрсетілді. Оның қорғау қабілеті, тиімділігі бойынша ақпарат жеткізілді. Құтқарушылар химиялық костюмді киіп, төтенше жағдайды жою кезіндегі іс-қимылдарға ыңғайлы екендігіне көз жеткізді.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі