«Еңбек ардагері» медалімен марапаттау.

«Еңбек ардагері» медалімен марапаттау.

Қарағанды ​​облысында ардагерді «Еңбек ардагері» медалімен салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Еңбек күніне орай, Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 24 қыркүйектегі № 471 ж/қ бұйрығына сәйкес "Еңбек ардагері" медалімен Балғабек Сыздықовқты марапаттады.

Балғабек Сыздықов мемлекеттік өртке қарсы қызметтегі еңбек жолын 1972 жылдың маусым айында бастап, 2005 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін бар күш-жігерін осы қызметке арнаған.

Бүгінде ол «Семсер – Өрт сөндіруші» ЖШС Қарағанды ​​филиалы директорының орынбасары қызметін атқарып, қоғамды қорғауға өз үлесін қосып келеді.

Біз Балғабек Сыздықовты осынау лайықты марапатымен құттықтаймыз және еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы адал еңбегі мен өлшеусіз үлесі үшін шексіз алғысымызды білдіреміз!

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі