«2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық» брифингі.

«2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық» брифингі.

26 қыркүйекте «SARYARQA» телеарнасының алаңында брифинг өтті, оған Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаменті Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің аға инженері Нұрлыбек Нұрмағанбет пен ТЖД бас маманы Мерей Оспанов қатысты. Қарағанды ​​қаласы.

2025 -ші жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық «2021-2023 жылдарға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралар» республикалық Жол картасы және облыстық инженерлік жұмыстар жоспары шеңберінде жүргізіледі.

Облыс бойынша 2021-2023 -ші жылдарға арналған Жол картасы шеңберінде барлығы 21 іс-шара толық көлемде аяқталды, 2-облыстық маңызы бар жолдардағы көпірлерді қайта жаңарту жөніндегі Жол картасының іс-шаралары ағымдағы жылға ауыстырылды.

Ағымдағы жылы облыстық инженерлік жұмыстар жоспарымен 75 елді мекен аумағында 161 іс-шара жоспарланған, оның ішінде: өзен арналарын санациялау – 7, қорғаныс бөгеттерін құрылысы – 15, қорғаныс бөгеттерін нығайту – 37, су өткізу қабілетін арттыру – 40, дренаж жүйелерін тазарту - 25, гидротехникадық құрылыстарды жөндеу - 16, және басқа да  21 іс-шара.

Жоспарланған 161 іс-шараның 82-і орындалды, қалған 75-і бойынша жұмыс жүргізілуде. Қараша айының соңына дейін барлық іс-шараларды аяқтауды жоспарлап отырмыз.

Ағымдағы жылдың 26 -шы қыркүйегіндегі жағдай бойынша облыста шамамен 25 шақырым қорғаныс біліктері салынып, нығайтылды. 5,5 шақырым су тасқыны қаупі бар өзен арналарына санация жүргізілді, 3,7 шақырымнан астам су алу каналдары тазартылды, автомобиль жолдарының 22 учаскесінде су өткізу қабілеті артты.

Су тасқыны кезеңіне дайындық борйынша жұмыстар жүргізілуде және бақылауда.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі