
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Марғұлан Аманбаев ҚР ТЖМ қызметкерлері арасында өтетін турнирге дайындалып жатқан ТЖД қоян-қолтық ұрысы бойынша құрама командасының жаттығуына қатысты. Ол спортшылардың жоғары дайындығын атап өтіп, оларға сәттілік пен жеңіс тіледі.
Қарағанды облысының барлық гарнизоны спортшыларымызға турнирде табыс тілейді. Біз сіздерге сенеміз-сіздер біздің мақтанышымызсыздар!
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі