
Бүгін Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінде құрметті демалысқа шыққан Данияр Сүлейменов пен Қуаныш Муталлаповты шығарып салу салтанатты рәсімі өтті.
ТЖД басшылығы қызметкерлерге көп жылдық еңбегі, қызметтік міндеттерін орындаудағы кәсібилігі мен жанқиярлығы үшін алғыс білдірді.
ТЖД қатарынан шыққан қызметкерлер өз естеліктерімен бөлісіп, алғыстарын білдірді.
Іс-шара соңында зейнеткерлерге құрмет пен ризашылықты білдіретін естелік сыйлықтар табыс етілді.
Сіздерге өмірлеріңіздің жаңа кезеңінде сәттілік, амандық, денсаулық, ашық аспан және ақ жол тілейміз!
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі