
Санжар Әділов-ММА бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жауынгерлік самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ММА бойынша әлем чемпионы және Alash Pride кәсіби лигасының қазіргі чемпионы – Қазақстан Республикасының мақтанышы өз өмірін халқымызды қорғауға арнап, азаматтық қорғау органдарының қызметіне кірісті. Оның спорттағы жетістіктері құрмет пен мақтаныш тудырады.
Санжар Әділов азаматтық қорғау органдарында өрттерді сөндіруге және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге қатысады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының намысын қорғайтын әлемдік аренадағы спорттық жарыстарға қатысады. Азаматтық қорғау органдарындағы қызмет – абыройлы, мәртебелі жұмыс.
Санжардың өмірлік мақсаты – ҚР азаматтарын қорғау мен күзету оның сүйікті ісіне айналды.
Санжар қызметіне табыс тілейміз!
Қарағанды облысы ТЖД