
Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының қызметкерлері Қарағанды қаласы ТЖБ инженерлік-инспекторлық құрамының білімін тексеру, сондай-ақ оқыту мақсатында «Жедел ден қою шараларын қолдану» және «Өрт автоматикасы» тақырыптары бойынша оқыту семинарын өткізді. Семинар барысында МӨББ қызметкерлері жедел ден қою шараларын қолдану тәртібін, жедел ден қою шараларын қолдану бойынша ҚР қолданыстағы заңнамасының негізгі баптарын, сондай-ақ автоматты дабыл, өрт сөндіру жүйелерінің түрлерін, оларды қолдануды, жұмысқа қабілеттілігін тексеру тәсілдерін және олардың айырмашылықтарын жеткізді. Қойылған барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.
Қарағанды облысы ТЖД