
2024 жылдың 19 қыркүйегінде Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінде идеологиялық-тәрбие жұмысы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, «АМАНАТ» партиясы, жол полициясы, Дін істері басқармасы және Сарбаз аналар кеңесі өкілдерінің қатысуымен жеке құраммен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында жеке құрамның тәртіпті сақтауының, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алудың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен жол қозғалысы ережелерінің бұзылуына жол бермеудің өзекті мәселелері талқыланды.
Жеке құрам арасында өткізілетін тәрбие жұмысының жалпы мақсаты қызметкерлердің жеке қасиеттерін дамыту, жоғары патриоттық сананы, тәртіпті және антқа адалдықты қалыптастыру.
Қарағанды облысы ТЖД