Шет ауданына жұмыс сапары.

Шет ауданына жұмыс сапары.

2024 ж 18 қыркүйек ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Аманбек Бейсембаев жұмыс сапарымен Шет ауданының Ақсу - Аюлы және Ағадыр кентіне барды.

Жұмыс сапары барысында 2025 жылдың су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша инженерлік жұмыс жоспары іс-шараларының сапалы орындалуы тексерілді, сонымен қатар Шет ауданының ТЖб, 14-ӨСБ және 26-ӨС бекетінің жеке құрамының 2024-2025 жыдың қысқы маусымға дайындығы, тұрмысы бағаланды.

Жеке құрамға ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 ж 2 сәуірдегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы, және қызметтік тәртіптің орындау маңыздылығы жеткізілді.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі