«Газ жабдығын пайдалану кезінде үйдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету» брифинг

«Газ жабдығын пайдалану кезінде үйдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету» брифинг

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында брифинг өтті, оған Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өртке қарсы бақылау басқармасының бастығы Нұрлан Жақыпбаев қатысты.

Жыл басынан бері облыста газ баллондарына қатысты 8 оқиға орын алып, оның салдарынан 4 адам қаза тауып, 11 адам зардап шекті, оның ішінде 4-еуі газ жарылысынан, 4-уі газ-ауа қоспасының жарылуынан.

Мұның бір себебі-халыққа және заңды тұлғаларға автогаз құю станцияларында баллондарды бақылаусыз құюы. автогаз құю станцияларында баллондарды құю кезінде нормалар, толтыру пайызы сақталмайды, техникалық қызмет көрсету туралы айтпағанда, олардың тексерісі де жүргізілмейді. Баллондарды нормадан тыс толтыру салдары мен жылу әсерінен жарылыстарға әкеледі.

Жасалған меморандум шеңберінде ТЖ Департаменті және "Атамекен" Қарағанды облысының Кәсіпкерлер Палатасы тұрақты негізде өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау, оның ішінде газ баллондарын пайдалану жөніндегі қауіпсіздік қағидаларын сақтау бойынша кездесулер өткізеді..

           Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді:

-Екі қабаттан асатын тұрғын көппәтерлі үйлерде тұрмыстық газ баллондарын сақтауға және пайдалануға тыйым салынады!

-Газ баллондарын балкондар мен лоджияларда сақтауға болмайды!

-Газ баллондарын суықтан жылы үй-жайларға әкелген кезде оларды жылыту аспаптары мен пештердің жанына қоюға қатаң тыйым салынады!

-Жұмыс істеп тұрған газ құрылғыларын  қараусыз қалдырмаңыз!

-Газдың ағып кетуін тексеру үшін ашық отты пайдаланбаңыз!

-Балаларға газ құралдарын пайдалануға жол бермеңіз!

Қарағанды ​​облысы ТЖД баспасөз қызметі