
Қарағанды облысында диспетчер қызметкерлермен семинар-кеңес өтті.
Төтенше жағдайларға ден қою бірінші кезекте хабарламаларды қабылдау және өңдеу сәтінен басталады. Шақыру орнына барған кезекші қарауылдардың жұмысының сәттілігі ТЖ туралы хабарламаны сауатты және дұрыс өңдеуге, күштер мен құралдарды уақтылы шығаруға, сондай-ақ әртүрлі қызметтермен тиісті өзара іс-қимылға байланысты.
Кәсіпқойлықты арттыру, тәжірибе алмасу мақсатында 2024 жылғы 18 қыркүйекте өрт сөндіру қызметі бөлімшелерінің диспетчерлік құрамымен «Диспетчерлік қызметті ұйымдастыру», «Өрт және басқа да ТЖ туралы хабарламаларды қабылдау өңдеу, жедел ақпарат беру» тақырыбында семинар-кеңес өтті.
Кеңеске күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының диспетчерлік құрамы, Қарағанды облысы бөлімшелерінің радиотелефоншылары және өрт сөндіру бөлімшелерінің басшылығы қатысты.
Аталған кеңесте түрлі төтенше жағдайлар туралы хабарламаларды қабылдау және өңдеу тәртібі, жедел ақпарат беру, облыс бөлімшелерінде диспетчерлік қызметті ұйымдастыру мәселелері қаралды.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі