
Суицидтік мінез-құлықтың алдын алу және шұғыл көмек көрсету өткізді.
Қарағанды облысы ТЖД жаңадан қабылданған қызметкерлері үшін оқыту семинары өтті. Іс-шара екі негізгі аспектіге бағытталды: суицидтік мінез-құлықты алдын алу және төтенше жағдайлар кезінде шұғыл психологиялық және медициналық көмек көрсету.
ТЖ депратаменті психологтары ұйымдастырған семинар аясында қатысушылар азаматтық қорғау органдарының жеке құрамы арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу тақырыбына тереңірек үңілуге бірегей мүмкіндік алды. Бағдарламаның түйінді сәті облыстық психикалық денсаулық орталығының суицид дәрігерінің дәріс-практикасы, суицидтік үрдістердің алдын алу саласындағы өз тәжірибесімен және білімімен бөлісті.
Оқыту және біліктілікті арттыру азаматтық қорғау саласындағы жұмыстың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады және мұндай семинарлар психологиялық денсаулық пен төтенше жағдайларға дайындық мәселелеріне байыпты қарауды үйретеді.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі