Теміртауда кішкентай бала 7-ші қабаттың терезесінен құлап кетті

Теміртауда кішкентай бала 7-ші қабаттың терезесінен құлап кетті

3 тамыз сағат 07:08-де Теміртау қаласында үлкендердің қарауынсыз қалған 2019 жылғы ұл бала 7-ші қабаттың терезесінен құлап түсті. Бала дереу ауруханаға жеткізілді.
Қарағанды облысының ТЖД балалардың терезелер мен балкондардан құлауына жол бермеу үшін келесі қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды:
- кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыздар!
- бала терезенің алдына шыға алмау үшін жиһаздың барлық түрлерін терезенің жанынаң алып тастаңыздар!
- москит торына сенбеңіздер! Олар құлаудан қорғауға арналмаған!
- балаға терезені бірнеше сантиметрден артық ашуға мүмкіндік бермейтін арнайы бекіткіштерді қойыңыздар!
- егер бекіткіш құрылғы орнату мүмкіндігі болмаса, терезенің тұтқасын алып тастап, оны тек қажет болған жағдайда орнатыңыз!
- ашық терезенің жанында болу қаупі туралы балаларға үнемі түсіндіріңіздер!


Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі