
Ұзақ демалыс күндері, ыстық күндердің сақталуына және су айдындарында адам өлімінің ықтимал жағдайларына байланысты ағымдағы жылғы 31 шілдеде, 1-2 тамызда Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері облыстың барлық аумағында халықтың демалуы мен шомылуы үшін рұқсат етілмеген орындарда профилактикалық патрульдеу және рейдтер жүргізді.
Аталған рейдтерге жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, полиция қызметкерлері, волонтерлер және бұқаралық ақпарат құралдары тартылды. Азаматтарды қосымша аралап, хабардар ету мобильді хабарландыру кешенімен (МКҰ) өткізілді.
ТЖД аумақтық бөлімшелері көрсетілген кезеңде 61 алдын алу рейдтерін және суға түсу үшін рұқсат етілмеген және қауіпті жерлерге 106 патрульдеуді жүргізді, олардың нәтижелері бойынша 22 әкімшілік құқық бұзушылық және қараусыз 13 кәмелетке толмаған құқық бұзушылық анықталды. Алдын алу іс-шараларын өткізуге 72 қызметкер және 31 бірлік техника жұмылдырылды. Рейд барысында тұрғындарға 600-ден астам үгіт-насихат материалдары таратылды.
Бүгінгі таңда полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп 827 профилактикалық рейдтер және су айдындарында және стихиялық жағажайларда жаппай демалыс орындарында демалушылардың қоғамдық орындарда тәртіп ережелерін сақтауы бойынша 2568 патрульдеу жүргізілді, олардың нәтижесінде 182 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Алдын алу іс-шараларын өткізу кезінде барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды, сондай-ақ бөлімше қызметкерлерінің нысанды киім-кешектерін кию ережелерін сақтау қамтамасыз етілді.
Суға шомылу маусымының алдын алу жұмыстары жалғасуда және ерекше бақылауда.
Қарағанды облысының ТЖ департаменті халықты су айдындарында сақ болуға, балаларды қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ өз өмірін сақтау мақсатында қауіпсіздік мәдениетін сақтауға шақырады.
Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі