
Қарағанды облысының ТЖД химиялық қауіпті объектілердің өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.
2024 жылғы 13 қыркүйекте қауіпті өндірістік объектілерде химиялық қауіпсіздікті мониторингілеудің автоматтандырылған жүйесін енгізу және технологиялық процестерді қауіпсіз қондырғылар мен реагенттерге ауыстыру мәселелерін қарастыра отырып, химиялық қауіпті объектілердің өкілдерімен кеңес өткізілді.
Кеңес шеңберінде улы заттардың ағып кетуін анықтау, төгілуінен болатын зардаптарды азайту, сондай-ақ технологиялық процестерді қауіпсіз қондырғылар мен реагенттерге ауыстыру мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, оқиғалар туындаған кезде ХҚО-ның құтқару бөлімшелерімен өзара іс-қимылының негізгі бағыттары мен алгоритмі айқындалды.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі