
Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында брифинг өтіп, оған Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Роллан Есмағанбетов қатысты.
ТЖД жазғы маусымдағы маңызды жұмыстарының бірі – су айдындарында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Ағымдағы жылдың шомылу маусымында ТЖД мен оның аумақтық бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдар, полиция қызметі су айдындарында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кешенді профилактикалық жұмыстарды ұйымдастырды.
Тұрғындармен ауқымды профилактикалық жұмыстар ағымдағы жылдың мамыр айында басталды. Полиция департаментінің бөлімшелерімен, жергілікті атқарушы органдармен және еріктілермен бірлесіп облыстың су айдындарында 4 мыңнан астам рейдтер мен патрульдік іс-шаралар, су айдындарында өзін-өзі ұстау ережелері жазылған 87 мыңға жуық парақшалар ұсынылып, 50 мыңнан астам профилактикалық әңгімелесулер өткізілді. .
Профилактикалық және жарнамалық іс-шараларды өткізу кезінде деректерді берудің барлық түрлері, соның ішінде инновациялық түрлері қолданылды. Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтарына, облыстық маңызы бар қалаларда LED-экрандар арқылы «Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау» тақырыбында бейнероликтер көрсетілді, орнатылған сирена-дауыс құрылғысымен жүйелі түрде ескерту жұмыстары жүргізілді.
Атқарылған жұмыстарға қарамастан, қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан суға түсу маусымында облыстың су қоймаларында 10 суға бату оқиғасы орын алды, оның ішінде 3 кәмелетке толмаған балалар. Барлық жағдайлар суға түсуге арналмаған жерлерде орын алған. Өткен жылдың осы кезеңінде суға кетудің 12 оқиғасы тіркелді, оның ішінде 1 кәмелетке толмағандар. Яғни, биыл жалпы суға батып өлу санының 12%-ға төмендеуі байқалды, топтық өлімді есепке алғанда балалар өлімі 3 есеге көп тіркелді.
Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтары, келесі жылдың шомылу маусымында суда оқыс оқиғаларды болдырмау үшін назар аударып, қауіпсіздік ережелерін естен шығармауларыңызды сұраймыз. Біз сондай-ақ балаларды жүзуді басынан бастап үйренуге шақырамыз және оларды ешқашан қараусыз қалдырмаймыз!
Сондай-ақ, күздің келуімен су айдындарына баратын, жүзу құралдарын пайдаланатын балықшылар мен аңшылардың қазасы көбейеді. Сондықтан балықшыларға қауіпсіздік шараларын, соның ішінде қорғаныш кеудешелерін киюді ескертеміз! Сіздің қауіпсіздігіңіз бен балаларыңыздың қауіпсіздігі сіздің қолыңызда екенін ұмытпаңыз!
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі