Қарағандылық құтқарушылар жоғалған азаматты тапты

Қарағандылық құтқарушылар жоғалған азаматты тапты

Сәтті операция іздестіру-құтқару жұмыстарының заманауи әдістерінің тиімділігін растайды.

11 қыркүйекте Шахтинск қаласында Новодолинский кентінің маңында жоғалып кеткен 1941 жылы туған азаматшаны іздеу жұмыстары сәтті аяқталды.

9 қыркүйекте құрбысының үйінен шығып, із-түзсіз жоғалған әйелді құтқару жасағының құтқарушылары квадроцикл көлігімен жоғалған жерден небәрі 4 шақырым жерден тапты.

Құтқарушылардың үйлесімді күш-жігерінің арқасында 5 құтқарушы, кинологиялық есеп, ұшқышсыз ұшу аппараты, ТЖД техникасының 4 бірлігі және ПД бір бірлік техникасымен, жеке құрамның 3 адамы қатысқан іздеу операциясы сәтті аяқталды.

Әйелдің жағдайы жақсы, жарақат алмаған.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі