2020 жылы 30 шілдеде Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі И.Д.Күлшімбаев жеке құрамға Департамент бастығының жаңа орынбасары - азаматтық қорғау полковнигі Р.Н. Амринді таныстырды.
Амрин Рустамбек Нұрланұлы 1980 жылы 14 қаңтарда Ресей Федерациясының Омбы қаласында дүниеге келген. 2000 жылы РФ ІІМ Мемлекеттік өртке қарсы қызмет академиясының Екатеринбург филиалын, 2004 жылы Омбы заң академиясын, 2009 жылы ҚР ТЖА Көкшетау техникалық институтын "Өрт қауіпсіздігі", "Заңтану" мамандықтары бойынша тәмәмдаған, біліктілігі - өрт қауіпсіздігі инженері, заңгер. Азаматтық қорғау органдарында-1997 жылдың тамыз айынан бастап жұмыс атқарады.
Еңбек жолын 2000 жылдың тамыз айында РФ Омбы облысы ІІБ МӨҚ 10 жасағының 20 өрт сөндіру бөлімінің жеке постының профилактикалық құрамы тобының инспекторы қызметінен бастады.
2001 жылдың шілде айында РФ Омбы облысы ІІБ МӨҚ 20 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы лауазымына тағайындалды.
2006 жылға дейін өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің және Астана қаласы ТЖ департаментінің бөлімшелерінде түрлі басшылық қызметтерді атқарды.
2016 жылдың мамыр айында ҚР ІІМ ТЖК Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы лауазымына тағайындалды.
ІІМ-нің 2019 жылғы 31 қаңтардағы №44 л/с бұйрығымен ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті дағдарыс жағдайларында басқару орталығы (басқарма құқығында) бастығының орынбасары болып тағайындалды.
2019 жылы шілдеде ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің дағдарыс жағдайларындағы басқару орталығын басқарды.
ІІМ-нің 2020 жылғы 23 шілдедегі № 400 л/с бұйрығымен Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары болып тағайындалды.
Қызмет атқарған уақытта "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін" ІІІ, ІІ, І дәрежелі, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл", "Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін" медальдарымен, "Қазақстан полициясына 25 жыл", "Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін", "Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін" төсбелгілерімен марапатталған.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі