
2024 жылдың 5-11 қыркүйегінде Қытай Халық Республикасының Харбин қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер арасында ХІХ әлем чемпионаты және әйелдер арасында X әлем чемпионаты өтуде, оған ҚР ерлер мен әйелдер құрама командалары қатысуда.
Қарағанды облысы ТЖД спортшысы және қызметкері Бауыржан Текенов шабуыл сатысымен көтерілу, 100 метрлік кедергілерден өтуден және қоссайыс бойынша Қазақстан Республикасының абсолюттік рекордшысы атанды. ҚР барлық рекордтарын жаңартқан Бауыржан 100 метрге бөгетпен жүгіруден әлем чемпионатында да қола жүлдегер атанды.
Қарағанды облысы ТЖД спортшымызды жарқын жеңісімен құттықтайды! Алдағы барлық кезеңдерге сәттілік тілейміз! Сіз біздің Республикамызды лайықты түрде танытатыныңызға және оны бар даңқымен көрсететініңізге сенімдіміз! Тек қана алға!
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі