
2020 жылдың 29 шілдеде Жаңаарқа ауданының Түгіскен ауылында, жергілікті атқарушы органмен өрт сөндіру бекеті ашылды. Өрт сөндіру бекеті Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар депаратаментінен бөлінген 1 бірлік өрт сөндіру автокөлігімен, сондай-ақ жергілікті бюджет есебінен алынған 1 мотопомпамен, 10 дана аспалы өрт сөндіргіштермен және басқа да өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған. Түгіскен ауылдық округінің өрт сөндіру бекеті 384 мың га жерді және 3800 халқы бар 3 елдімекенді тілсіз жаудан қорғайтын болады.
Алдағы уақытта да аудан аумағында өрт сөндіру бекеттерін ашу жоспарлануда. Ол үшін аудан әкімдігімен 4 дана мобильді өрт сөндіру кешендерін сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр, сонымен қатар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен 1 бірлік арнайы өрт сөндіру автокөлігін коммуналдық меншікке алу сұрағы қарастырылып жатыр.
Жаңаарқа ауданының
төтенше жағдайлар бөлімі