Қарағанды облысында дөңгелек үстел өткізілді

Қарағанды облысында дөңгелек үстел өткізілді

 5 қыркүйекте Самарқанд су қоймасында Табиғи ресурстар басқармасы, "Қазсушар" РМК, Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы, "Қазгидромет" РМК, Теміртау қаласы мен Бұқар жырау ауданы әкімдігінің басшыларымен дөңгелек үстел өткізілді. Кеңес барысында гидротехникалық құрылыстардың проблемалық мәселелері талқыланып, су тасқынына қарсы іс-шараларын іске асыру жұмыстары бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Чкалов және Садовое ауылдарының төмен орналасқан елді мекендерінде су тасқынына қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстарға тексеріс жүргізілді.

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі