Тұрғын үй секторындағы профилактикалық іс-шаралар

Тұрғын үй секторындағы профилактикалық іс-шаралар

    «2024-2025 жылдардағы жылыту кезеңінде тұрғын үй секторында өрт профилактикасын жүргізу іс-шараларының жоспарын» орындау және тұрмыстағы өрттердің алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 15 тамызынан бастап 15 қыркүйегіне дейін облыс аумағында «Өрт қауіпсіздігі айлығының» 1-ші кезеңі өткізілуде.
    Айлықты өткізу шеңберінде ТЖД қызметкерлері әкімдіктермен, жергілікті полиция қызметімен және еріктілермен бірлесіп халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерін аралауда, онда тұрмыстағы өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары жеткізіліп, улы газ датчиктерін орнату жүзеге асырылып, осы үйлерді өрт қауіпсіздігіне келтіру бойынша қажетті көмек көрсетілуде.
   Бұл жұмыспен 3011 адам қамти отырып, 2759 үй араланды. 3 үйде өрт қауіпсіздігі талаптарының 5 бұзушылығы анықталды, бұзушылықтар рейдтік іс-шаралар барысында жойылды.
   Ағымдағыдағы жылдың 15 тамызынан бастап халықтың әлеуметтік осал топтарының 23 үйінде 23 улы газ датчигі орнатылды. 2018 жылдың басынан бері барлығы 5767 датчик орнатылды.
Бұл бағыттағы жұмыс жылыту кезеңі аяқталғанға дейін жүргізілетін болады.
   Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтары ТЖД барлығын өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады!

        Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі