
Бүгін Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне арналған даңқты мереке – Конституция күніне арналған салтанатты шара өтті.
Салтанатты шара барысында Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Мұрат Қатпанов мерекелік сөз сөйледі.
«Бүгін біз тек Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін ғана емес, заң бәрінен де жоғары тұратын еліміздің әрбір тұрғынының, азаматының және қонағымыздың бостандығы, тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін тойлаймыз», - деді Мұрат Қатпанов өз сөзінде.
Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жоюдың мемлекеттік жүйесін дамыту мен нығайтуға белсенді қатысқаны және Қазақстан Республикасында өмір қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қол жеткізген табыстары үшін бірқатар қызметкерлер ведомстволық наградалармен марапатталды.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі