
Қарағанды облысы Теміртау қаласы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ерекше бақылауда!
Теміртау - Қарағанды облысының өнеркәсіптік орталығы, мәдени мұрасы мол қала жаңа өрт сөндіру бөлімінің ашылуына дайындалуда, бұл бүкіл облыс үшін маңызды оқиға болып табылады.
Көп жылдар бойы жаңа өрт сөндіру бөлімін құру қажеттігі айтылып, облыс, қала әкімдігі және «QARMET» АҚ қолдауының арқасында бұрынғы өрт сөндіру бөлімінің ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге қаржы бөліну басталды. Жұмыс қарқынды жүріп жатыр және ағымдағы жылдың қазан айының соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.
Өрт сөндіру бөлімінің ғимараты үш қабатты, оның 1-ші және 2-ші қабаттарында әкімшілік-шаруашылық бөлмелері, өрт сөндіру көліктерін қоюға арналған гараж, 3-ші қабатта жеке құрам мен олардың отбасы мүшелеріне арналған пәтерлер мен бөлмелер орналасқан.
Ғимаратта өрт сөндірушілер мен құтқарушыларды дайындауға арналған 4 қабатты оқу мұнарасы бар. Аумақта 4 өрт сөндіру көлігінің шығуына арналған резервтік бокс бар. Аумақты, оның ішінде спорт алаңдарын көрсейту жоспарлануда.
Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы Теміртау қаласы әкімдігінің қаражаты есебінен мердігер «Ғимарат кз» ЖШС жүргізіп жатқан жөндеу жұмыстарының ағымдағы жағдайын тексерді. Тексеру барысында болашақ өрт сөндіру бөлімінің жөндеу сапасы мен жабдықталуына назар аударылды.
Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы өрт сөндіру қызметінің сенімділігі мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін бұл аспектілердің маңыздылығын атап өтті. Ғимаратты жаңғырту техникалық жабдықталуы жағынан да, қызметкерлерге қолайлы жағдай жасау жағынан да ең заманауи стандарттарға сай болуы керектігін атап өтті.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі