Құтқару қызметіндегі инновациялық технологиялар

Құтқару қызметіндегі инновациялық технологиялар

Қарағанды ​​облысында «Kazuav» ЖШС-нің соңғы үлгідегі ұшқышсыз ұшағын пайдаланып, азаматты іздеу жұмыстары жалғасуда.

52859 әскери бөлімінің Байланыс орталығының қызметкерлері, «Kazuav» ЖШС өкілдері және Осакаров ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері «Найдоровское» ЖШС стансасының Ақпан ауылынан солтүстік-батысқа қарай 16 шақырым жерде із-түссіз жоғалып кеткен 1960 жылы туған азаматты  іздеу жұмыстары жалғасуда. Мәліметтерге сәйкес, ер адам ағымдағы жылдың 26 ​​маусымында таңертең жұмыстан оралмаған.

Іздеудің негізгі элементі «Dji Enterprise matrice 350 RTK»  брендінің «Kazuav» ЖШС компаниясының заманауи ұшқышсыз ұшағы болып табылады. Ғылыми-техникалық құралдар ауадан фотосуреттер түсіріп, содан кейін іздеу аймағының картасын жасайды. Жасанды интеллект картаны өңдеп, жоғалған адамға қатысты күдікті элементтерді (киім, аяқ киім немесе адам денесінің кез келген бөліктері) анықтаған кезде оны көрсетілген картада белгілейді, бұл іздеу нәтижелерін жақсартуға мүмкіндік береді.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі