
"Қазгидромет" дауылды ескертулеріне және коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген шектеулерге қарамастан, облыс халқы демалуға, соның ішінде су айдындарына белсенді түрде баруды жалғастыруда.
Ағымдағы жылдың 25-26 шілде аралығында, демалыс күндері су айдындарында адамдардың қаза болуын болдырмау мақсатында, сондай-ақ ыстық ауа-райына байланысты Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері алдын алу патрульдеу және облыстың барлық аумағында халықтың демалуына және шомылуына рұқсат етілмеген орындарда рейдтер жүргізді.
Аталған рейдтерге жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, полиция қызметкерлері, волонтерлер және бұқаралық ақпарат құралдары тартылды. Азаматтарды қосымша аралап, хабардар ету мобильді хабарландыру кешенімен (МКҰ) өткізілді.
25 шілде күні Жезқазған қ. Кеңгір су қоймасын патрульдеу кезінде ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жағадан алысқа жүзіп бара жатқан және өз бетімен қайтып келе алмаған 1998 ж.т. екі адамды құтқарды. Құтқарылғандар жағаға жеткізілді.
Қарағанды облысының су айдындарында күнделікті профилактикалық жұмыстар жүргізілгеніне қарамастан судағы қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзу жағдайлары орын алуда.
Сонымен, 26 шілде Саран қ. маңында орналасқан тас карьерде ТЖ бөлімі және полиция бөлімі қызметкерлерімен түсіндіру нұсқамалары жүргізілді, сондай-ақ су айдындарында жүріс-тұрыс қағидалары туралы жадынамалар таратылды.
Алайда, мас күйінде қауіпсіз жүріс-тұрыс шараларын елеместен 1989 ж.т. ер адам жартастан суға секіріп, жарақатпен Қарағанды қ. ОМО-ға жеткізілді.
ТЖД аумақтық бөлімшелері көрсетілген кезеңде 26 алдын алу рейдтерін және суға түсу үшін рұқсат етілмеген және қауіпті жерлерге 75 патрульдеуді жүргізді, олардың нәтижелері бойынша 9 әкімшілік құқық бұзушылық және қараусыз 10 кәмелетке толмаған құқық бұзушылық анықталды. Алдын алу іс-шараларын өткізуге 53 қызметкер және 27 бірлік техника жұмылдырылды. Рейд барысында тұрғындарға 600-ден астам үгіт-насихат материалдары таратылды.
Бүгінгі таңда полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп 766 профилактикалық рейдтер және су айдындарында және стихиялық жағажайларда жаппай демалыс орындарында демалушылардың қоғамдық орындарда тәртіп ережелерін сақтауы бойынша 2462 патрульдеу жүргізілді, олардың нәтижесінде 160 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Алдын алу іс-шараларын өткізу кезінде барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды, сондай-ақ бөлімше қызметкерлерінің нысанды киім-кешектерін кию ережелерін сақтау қамтамасыз етілді.
Суға шомылу маусымының алдын алу жұмыстары жалғасуда және ерекше бақылауда.
Қарағанды облысының ТЖ департаменті халықты су айдындарында сақ болуға, балаларды қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ өз өмірін сақтау мақсатында қауіпсіздік мәдениетін сақтауға шақырады.
Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі