
Табиғи өрттерді, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендердегі өрттерді сөндіру жөніндегі міндеттерді іске асыру мақсатында Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдары 2020 жылдың өрт қауіпті кезеңінің басынан бері 8 өрт сөндіру бекеттерін құрды.
Бүгінгі күні Қарағанды облысының аумағында 22 өрт сөндіру бекеттері жұмыс істейді, олардың қорғауында халықтың жалпы саны 30 мыңнан астам адам болатын 49 елді мекен бар. Өрт сөндіру бекеттері 16 бірлік өрт сөндіру техникасы мен 21 бірлік бейімделген техникамен жабдықталған, өрт-техникалық жарақтарымен толық жабдықталған.
16 бірлік өрт сөндіру техникасының 7 бірлігі Қарағанды облысының ТЖД теңгерімінен берілді, қалған 9 бірлік техника жергілікті атқарушы органдар мен шаруа қожалықтарында болды.
Қазіргі уақытта өрт сөндіру бекеттерін құру үшін Абай, Ақтоғай, Жаңаарқа, Қарқаралы, Нұра, Шет аудандарының әкімдіктеріне тағы да 8 бірлік өрт сөндіру автотехникасын коммуналдық меншікке беруге ҚР ІІМ ТЖК келісімі алынды.
Табиғи өрттерді сөндірудің жоғары тиімділігі мобильді комплекстер көрсетілді.
Осылайша, табиғи өрттер мен жануларға жедел ден қою, сондай-ақ олардың орман қоры аумағына таралуына жол бермеу мақсатында Қарқаралы ауданының әкімдігі ағымдағы жылдың шілде айында 5 бірлік ұтқыр өрт сөндіру кешенін сатып алды.
Бұл мобильді кешендер екі осьті тіркемелерге орнатылған және 1 текше сыйымдылықтармен, мотопомпалармен, бүріккіш агрегаттармен, шанц аспабымен, сондай-ақ екі жиынтықтан өрт сөндірушінің жауынгерлік киімдерімен жабдықталған.
Бұл мобильді кешендер кейіннен өрт сөндіру бекеттерін құру үшін аумағында орман қорлары бар Қаршығалы, Бахты, Бесоба, Нүркен Әбдіров ауылдық округтеріне және Қарқаралы қаласына берілді.
Сондай-ақ, Нұра ауданының әкімдігімен 10 текше сыйымдылық, 5 жоғары қысымды аппарат, 5 мотопомпа сатып алып, алыс ауылдық округтерге берілді. Нәтижесінде үш жаңа өрт сөндіру бекеті құрылды.
Қазіргі уақытта Бұқар Жырау, Жаңаарқа және Ұлытау аудандарында ұқсас өрт сөндіру мобильді кешендерін сатып алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Облыс аумағында өрт сөндіру бекеттерін құру әкімдіктің, сондай-ақ Қарағанды облысының ТЖД бақылауында.
Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі