
Қарағанды облысында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Көпқабатты үйлер» акциясын өткізді.
Шара барысында адамдарды құтқару және эвакуациялау арқылы көпқабатты үйлердегі өрттерді сөндіру тактикасын жаттықтыру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу жүргізілді, өрт сөндіргішпен өртті сөндіру көрсетілімі өткізілді, терезелерге қауіпсіздік құлыптары орнатылды.
Акцияның мақсаты – тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі ережелері, балалардың терезеден құлауы және судағы қауіпсіздік туралы ақпараттандыру.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі