
QARAGANDY HALF MARATHON – Қарағанды марафонында өз мүмкіндіктеріңіздің шегін еңсеріңіз.
2024 жылдың 18 тамызында Қарағанды қаласында «Қарағанды - Арена» мұз спорт сарайының аумағында өткен «QARAGANDY HALF MARATHON 2024» жартылай марафоны өтті. Шара салауатты өмір салтын насихаттау және дене шынықтыру мен спортты кеңінен насихаттау мақсатында жүгірушілер мен көрермендердің басын қосты.
Жартылай марафон қашықтыққа жүгіру әуесқойларының шеберлігін көрсетуге, мықты спортшыларды анықтауға және достық спорттық байланысты нығайтуға бағытталған. Іс-шараға Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлері белсенді түрде қатысып, спортты дамыту идеяларына адалдықтарын көрсетті.
Қатысушылар физикалық ғана емес, психологиялық кедергілерді де еңсеріп, 5 шақырым қашықтыққа жүгірді.
QARAGANDY HALF MARATHON 2024 спорттың адамдарды біріктіретінінің, жаңа жетістіктерге ынталандыратынының және бәсекелестік рухын қолдайтынының жарқын мысалы болды.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі