
2024 жылғы 13-19 тамыз аралығында Алматы қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша жастар арасында Қазақстан Республикасының XIV жазғы чемпионаты өтті.
Жүз метрлік кедергілерден өтуден өз жас топтарында Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің спортшылары Антон Мартынов пен Семен Климов күміс жүлдеге ие болды. Олардың айтулы жетістіктері облыс пен еліміздің мақтанышына айналды.
Жас спортшыларымызды шын жүректен құттықтап, алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі