
Қыркүйектің 5-і мен 15-і аралығында Алматы облысы, Тамғалы тас шатқалында орналасқан «Жартасты қала – Астана» полигонында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің «Жартас-2024» құтқару бөлімшелерімен арнайы оқу-жаттығулар өтеді.
Бұл құтқару жұмыстарының әртүрлі аспектілері бойынша, соның ішінде алғашқы медициналық көмек көрсету, құрал-жабдықтарды пайдалану және төтенше жағдайларда күрделі тапсырмаларды орындауда өз дағдыларын көрсету үшін еліміздің түкпір-түкпірінен құтқарушылар жасақтарын біріктіретін маңызды оқиға.
«Қазқұтқару» жарыстары дәстүрлі түрде құтқару қызметтерінің дайындық деңгейін арттыруға және өңірлер арасында тәжірибе алмасуға бағытталған.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі