
Халық пен аумақты су тасқынынан қорғау үшін Қарағанды облысы әкімінің өкімімен 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша 2024 жылғы жазғы-күзгі кезеңдегі инженерлік жұмыстар жоспары бекітілді. Бұл жоспарға 161 іс-шара кіреді, оның ішінде өзен арналарын санациялау 7, қорғаныс біліктерін орнату және нығайту 51, су өткізу қабілетін арттыру 40, су бұру жүйелерін тазарту 25, ГТС жөндеу 16 және 22 басқа да іс-шаралар кіреді.
2024 жылғы 7 тамызда Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары полковник Роллан Есмағанбетов іс-шаралардың іске асырылу барысымен танысу үшін Бұқар Жырау ауданының Мұстафин кенті, Чкалов ауылы, Нұра станциясы, Сарытөбе ауылы, Нұра өзені арқылы өтетін көпірде салынған және нығайтылған қорғаныс бөгеттерінде және Ғ.Мұстафин және Байқадам ауылындағы бөгеттің денесін нығайту жұмыстарының орындалуын қадағалап елді мекендеріне барды.
Қорытындысы бойынша Бұқар Жырау ауданының әкімдігіне ұсыныстар берілді.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі