Қарағанды облысында дала өрттері жалғасуда

Қарағанды облысында дала өрттері жалғасуда

Өткен тәулікте ауа райының ыстығы Қарағанды облысының бірнеше аудандарында құрғақ шөптің жануына әкеліп соқты. Бір тәулік ішінде 20 табиғи өрт және жануы орын алды, оның ішінде жалпы көлемі 461 га болатын 15 жану оқиғасы жойылды, 5 жану оқиғасы бақылауда.
Қаражал қаласы, Шет, Ұлытау, Қарқаралы, Нұра және Ақтоғай аудандарында құрғақ шөптің жануы жойылды. Оларлы сөндіруге ерікті өртке қарсы құрамалар мен ТЖ департаментінің күштері жұмылдырылды.
2020 жылдың өрт қауіпті кезеңі басталғаннан бері облыс территориясындағы мемлекеттік ормандық қорда жалпы аумағы 5 га астам 10 орман өрті, жалпы аумағы 6600 га құрайтын 7 дала өрті, сондай-ақ 3500 га астам аумақта 139 дала жануы орын алды.
ТЖ департаменті облыс тұрғындарына өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды естеріңізге салады:
- Өрт қауіпі төнген кезде орман алқаптарына шығуды шектеңіз!
- Табиғатта болған уақытта өте мұқият болу қажет! Өшірілмеген темекі тұқылдарын, сіріңкені, өшірілмеген алауды сонымен қатар шыны сынықтарын қалдырмаңыз!
- Ыстық және желді ауа райында от жақпаңыз!
- Алауларды,мангалдарды (барбекюді) тұтатпаңыз!
- Өрт қауіпі бар жұмыстарды жүргізбеңіз!
- Дала жұмыстарына тартылған адамдарға орман-дала алқаптарындағы өрт қауіпсіздігінің негізгі шаралары туралы нұсқау берілуі тиіс, техниканы жарамды ұшқын сөндіргіштермен жабдықтау қажет!
Дала өрттерінің орман аймағына, сондай-ақ жақын орналасқан елді мекендерге өтуіне жол бермеу мақсатында жырту қажет.
Отпен абай болыңыздар! Сіздің отты абайсыз пайдалануыңыз қаншама зардап әкелуі мүмкін.


Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі