
21 шілде сағат 16:25-те "101 " пультіне Қарағанды қаласы, Маршак 1/2 көшесіндегі үйдің жанғаны туралы хабарлама келіп түсті.
16:26-да оқиға орнына №9 ӨСБ екі бөлімшесінің жеке құрамынан 10 адам шықты. Сыртқы белгілері бойынша үй шатырының ашық жалынымен жануы болған. Өрт сөндіру күрделілігінен 2-ші дәрежеге дейін көтеру туралы шешім қабылданды. Бұл ретте өрттің тез таралуына қатты жел және ғимараттың құрылымдық ерекшеліктері (үй толығымен ағаш болды) себеп болды.
Ауданы 160 ш.м шатырдың ағаш конструкциялары, ағаш еден және үй заттары жанған, сондай-ақ 16 шаршы метр алаңда шатырдың құлауы орын алды. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.
Сағат 17:13-де Қарағанды облысының ТЖД 7 бірлік техникасы мен жеке құрамынан 27 адаммен өрт сөндірілді.
Өрттің алдын ала себебі – ашық от көзі.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі