
Қарағанды қаласының "Шахтер" орталық стадионының базасында өртке қарсы қызмет бөлімшелері арасында өрт-құтқару спорты бойынша облыстық жарыстар өтті. Жарысқа Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 17 құрама командасы қатысты.
Өрт-құтқару спорты-өртке қарсы қызметтің жеке құрамын арнайы даярлаудың құрамдас бөліктерінің бірі. Ол өрт сөндірушілердің дағдыларын жетілдіруге, олардың төтенше жағдайларда әрекет ету қабілетіне бағытталған және тұтастай алғанда қызметкерлердің физикалық дамуына ықпал етеді.
Жарыс басталар алдында Қазақстанның мемлекеттік әнұраны шырқалды, одан кейін Қарағанды облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" РММ бастығының орынбасары Нұрлан Оспанов жарысқа қатысушыларға табысты өнер көрсетулерін тіледі.
Жарыс күні бойы өткізілді. Күннің бірінші жартысында құтқарушылар кедергілермен 100 метрлік жолақты еңсеру және төртінші қабаттың терезесіне шабуыл сатысымен көтерілу бойынша жарыстарда жеңіске жету үшін күресті, күннің екінші жартысында жарысқа қатысушылар оқпандарды бере отырып, автоцистернадан ("су айдынына" жауынгерлік қанат жаюдан жарысты.
Ақырында, жарыс соңында 100 метрлік кедергілер жолағын еңсерген жеңімпаздар болды:
1-орын 23 ӨСБ бөлімше командирі Ермекұлы А.;
2-орын МЖ өрт сөндіруші-құтқарушысы Теренюк А. В. ;
3-орын 12-ӨСБ бөлімше командирі Мұханбетқали А. Р.
Оқу мұнарасының төртінші қабатының терезесіне шабуыл сатысымен көтерілу кезінде жеңімпаз атанды:
1-орын 23 ӨСБ бөлімше командирі Ермекұлы А.;
2-орын 19-ӨСБ қарауыл бастығы Исембаев Д.С.;
3-орын 2-МӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Байшагиров Т.С.
Жауынгерлік қана жаюдан:
1 орын 9-ӨСБ;
2 орын 1-МӨСБ;
3-орын 6-ӨСБ.
Жалпы командалық есепте жарыс жеңімпаздары атанды:
1 орын 9-ӨСБ;
2 орын 2-МӨСБ;
3-ші МЖ.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі