
Жұмыс сапары барысында ТЖД бастығының орынбасары Роллан Есмағанбетов ауданның өрт сөндіру бөлімшелерінің қызметі мен тұрмыс жағдайымен, сондай-ақ құтқарушылардың күнделікті өмірімен танысып, жеке құраммен кездесті. Сонымен қатар, сапар барысында су тасқыны кезеңіне дайындық және 2025 жылға дайындық аясында 2024 жылдың жазғы-күзгі кезеңіндегі Инженерлік жұмыс жоспарының орындалуына назар аударылды. Ауданның су басу қаупі бар аймақтары тексерілді.
Сапар қорытындысы бойынша жоспарланған іс-шараларды уақытында сапалы орындау бойынша тапсырмалар берілді.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі