
Жұмыс сапары барысында Кеген Тұрсынбаев бірқатар аумақтық бөлімшелердің қызмет көрсету және тұрмыстық жағдайымен танысты.
Кеген Тұрсынбаев жеке құраммен кездесіп, Департамент қызметкерлерімен жұмыс кеңесін өткізді, онда азаматтық қорғау органдарын дамытудың негізгі бағыттарын, қолданыстағы заңнамаға енгізіліп жатқан өзгерістерді, құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ, отбасылық және тұрмыстық жанжалдар бойынша тәртіпті сақтау мәселелері жеткізілді.
Кездесу соңында алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуде және кәсіби шеберлікті арттыруда табыс тіледі.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі