
Демалыс күндері Қарағанды облысында дала алқаптарының 16 жануы тіркелді, оның 12-сі жойылды.
Ұлытау ауданында бес дала жануы, Осакаров ауданында бір және Ақтоғай, Жаңаарқа, Қарқаралы, Нұра, Шет аудандарында жалпы ауданы 390 гектардан астам дала жанулары жойылды.
Қазіргі уақытта Шет, Ақтоғай және Ұлытау аудандарының аумағында пайда болған дала жануын сөндіру жалғасуда.
Өртті сөндіруге Қарағанды облысының ТЖД бөлімшелері мен ерікті өртке қарсы құрылымдар жұмылдырылды.
Алты дала жануы жергілікті атқарушы органдардың ерікті өртке қарсы құрылымдарының күшімен сөндірілді.
Дала өрттерін сөндіру жергілікті жердің күрделі рельефімен, аудандардың сусыздығымен және күшті екпінді желмен күрделене түседі.
Көптеген жағдайларда табиғи өрттер адамдардың ұқыпсыздығынан туындайды: тасталған темекі шоғы, сөндірілмеген алау, қоқыс, күн орнында тасталған шыны және т.б. себептер.
Бұдан бөлек, жазғы өрт қауіпті кезеңде жоғары ауа температурасы және жауын-шашынның сирек мөлшері қалыптасқан ауа райы жағдайлары, сондай-ақ ұзақ уақыт бойы жылы күндер топырақ бетінде жиналған табиғи көмірсутекті отын (құрғақ шөп, өсімдіктер) болып табылатын дала жанғыш материалдарының өздігінен тұтануына және өздігінен жануына ықпал етеді.
Қарағанды облысының ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарын ормандар мен далаларда өрт қауіпті кезеңде отты қолдану кезінде ерекше сақтықты сақтауды сұрайды.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі