
Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінде АҚА 3 курсанты теориялық және практикалық білім алды.
Практика кезеңінде курсанттарға тіршілікті қамтамасыз ету элементтері бар азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары, химиялық-қауіпті объект, ықтимал жұқтыру аймағын бағалау бойынша практикалық іс-қимылдар, құтқару техникасы, құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің жабдықтары таныстырылып көрсетілді. Адамгершілік-мәдени құндылықтарды дамыту мақсатында ТЖД мұражайына бару ұйымдастырылды, онда қызметтің қалыптасуы туралы тарихи экспонаттар, өрттерден әкелінген заттар және т. б. ұсынылған.
Сондай-ақ курсанттар «Судағы қауіпсіздік» акциясына тікелей қатысып, халықпен жұмыс істеу дағдыларын шыңдап, демалушыларды су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары туралы ақпараттандырып, нұсқау берді.
Іс-шаралардың қорытындысы бойынша курсанттарға болашақ мамандықты игеруде табыс, қиын қызметте төзімділік және Отанды қорғауда батылдық тілейміз!
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі