
Қарағанды облысының ТЖД қызметкерлерінің күнделікті алдын алу жұмыстарына қарамастан, суға шомылу кезеңінің басынан бастап өз күштерін бағаламау, мас күйінде суға шомылу, суға батушыны құтқару, балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыру және жабдықталмаған жерлерде суға шомылуға, Қарағанды облысының су айдындарында 12 адам суға кетті, оның ішінде төрт бала.
"Қазгидромет" дауылды ескертулеріне және коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген шектеулерге қарамастан, облыс халқы демалуға, соның ішінде су айдындарына белсенді түрде баруды жалғастыруда.
15 шілде күні 5 адам суға батып кетті, оның ішінде 2 бала. Бір жерде бірден 3 адам суға кетті (бір бала және баланы құтқару кезінде екі ересек).
Осыған байланысты адамдардың суда қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, төтенше жағдайлар Департаменті полиция Департаментімен бірлесе отырып, жергілікті атқарушы органдармен ұйымдастыру кешені және практикалық іс-шаралар өткізді. Демалушы тұрғындар арасында 25 мыңға жуық үгіт-насихат өнімдері таратылды, теледидар мен радиохабарлар арқылы сөз сөйлеулер жүргізіледі, баспасөз басылымдарында және интернет ресурстарда судағы қауіпсіздік ережелері жарияланады.
Су айдындары мен табиғи жағажайларда жаппай демалыс орындарында 709 профилактикалық рейдтер мен 2343 патрульдеу жүргізілді, олардың нәтижелері бойынша 151 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Ағымдағы жылдың 18-19 шілде аралығында демалыс күндері су айдындарында адамдардың қаза болуын болдырмау мақсатында, сондай-ақ ыстық ауа-райына байланысты төтенше жағдайлар департаменті мен облыстың полиция департаментімен 33 профилактикалық рейд және шомылу үшін рұқсат етілмеген және қауіпті жерлерде 97 патрульдеу жүргізілді, нәтижесінде 10 әкімшілік құқық бұзушылық және 32 кәмелетке толмағандар қараусыз анықталды. Алдын алу іс-шараларын өткізуге 75 қызметкер және 39 бірлік техника жұмылдырылды.
Алдын алу іс-шаралары суға шомылу маусымы бойы жүргізіледі.
Қарағанды облысының ТЖ департаменті халықты су айдындарында сақ болуға, балаларды қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ өз өмірін сақтау мақсатында қауіпсіздік мәдениетін сақтауға шақырады.
Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі