2025 жылғы су тасқынына дайындық.

2025 жылғы су тасқынына дайындық.

2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық шеңберінде Қарағанды облысы әкімінің өкімімен 2024 жылғы жазғы-күзгі кезеңдегі инженерлік жұмыстар жоспары бекітілді.

Жоспарда 161 іс-шара бекітілген, оның ішінде: өзен арналарын санациялау (тазарту) бойынша 7, қорғаныс бөгеттерін орнату және нығайту бойынша 52, су өткізу қабілетін арттыру бойынша 40, су бұру жүйелерін тазарту бойынша 25, су қоймаларын  жөндеу бойынша 16 және басқа да 21.іс-шаралар.

Мысалы, Ақтоғай ауданының Сәуле ауылында, Бұқар Жырау ауданының Новостройка ауылында, Қарқаралы ауданының Ынталы және Бүркітті ауылында, Нұра ауданының Мыңбай және Өндріс ауылында, Шет ауданының Мойынты ауылында, Шахтинск қаласында және оның іргелес кенттерінде, Теміртау қаласының Самарқанд су қоймасының бойында жалпы ұзындығы 10 км қорғаныс бөгеттері орнатылып, нығайтылды.

Қарқаралы ауданының Ақшоқы ауылының маңындағы Көктал өзенінің, Қарағанды қаласында мен үлкен Бұқпа өзендерінің жалпы ұзындығы 4,5 км санация (тазарту) жүргізілді.

Бұқар-Жырау ауданының Жастлек ауылында, Нұра ауданының Заречное ауылында, Осакаров ауданының Николаевка ауылында, Темітрау қаласының Ортас (Карьерная) станциясында, Приозерск қаласында, сонымен қатар
Бұқар-Жырау ауданының Қызылорда-Павлодар (1057 км) аво-жолында, Қарқаралы ауданының Қарағанды-Аягөз-Бұғаз аво-жолының (138 және 140 км) 9 учаскелерінде құбырлардың су өткізу қабілеті арттылды.

Осакаров ауданында Николаевка ауылындағы Сабырқожа өзені, Қарағайлы ауылындағы Қарғалы өзені, Садовое ауылындағы Сабырқожа мен Үлкен Құндызды өзендерінің арналарын санациялау (тазарту) үшін жалпы ұзындығы 11 км.  жобалау сметалық құжаттама әзірленді.

2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық жалғасуда және бақылауда.

 Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі