
Біздің уақытта өрт сөндірушілер үшін, жанында сенімді жолдас қана емес, төтенше жағдай кезінде автотехниканың дұрыстығы да маңызды. Жеке құрамның автомобильдерге деген ұқыптылығына қарамастан, ерте ме, кеш пе көлік жөндеуге түседі. Сонда бұл істі кәсіпқойлар қолға алады.
Қарағанды облысы ТЖД ӨСжАҚЖҚ ММ №11 және №7 өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамы 4 өрт сөндіру машиналарын қалпына келтіру бойынша бір айдан астам уақыт бойы жөндеу жұмыстарын жүргізді. Аталған жұмыстарға жеке құрамның 9 адамы тартылды.
Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі