Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлері Қарқаралы ауданының полиция бөлімінің, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің, жергілікті атқарушы органдардың, Қу орман шаруашылығының, «Аманат» партиясының қызметкерлерімен және еріктілермен бірлесіп Қарқаралы ауданының «Жас дәурен» сауықтыру лагері мен «Романтик» балалар сауықтыру лагерінде профилактикалық іс-шаралар жүргізілді.
Профилактикалық іс-шаралар барысында балаларға өрт қауіпсіздігі қағидаларының негізгі талаптары мен өрт туындаған жағдайдағы мінез-құлық қағидалары жеткізіліп, естелік ұсынымдар табыс етілді. Сонымен қатар, алғашқы өрт сөндіру құралдарын (өрт сөндіргіштер) қолдану бойынша сабақтар өткізілді, атап айтқанда шартты өрт ошағына өрт сөндіру құралдарын беру тәсілдері және т.б. маңыздылықтары жеткізілді.