
Қарағанды облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы Бейсембай Аманбектің бұйрығымен майор Сайпаш Ерасыл Абайдолдаұлы Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы лауазымына тағайындалды.
Бұған дейін Ерасыл Абайдолдаұлы ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер Комитетінде аға офицер қызметін атқарған.1992 жылы 19 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының Шар қаласында дүниеге келген. 2014 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер Әскери институтын бітірген.
Еңбек жолын 2014 жылы Қарағанды қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының азаматтық қорғаныс бөлімінің аға офицері болып бастаған. 2021 жылы Қарағанды облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарды.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі