
Ағымдағы жылдың 10-11 шілде аралығында Абай ауданында «Бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар қаупі мен туындауы кезінде басқару органдарының, авариялық-құтқару қызметтерінің және халықтың іс-әрекеттері» тақырыбы бойынша кешенді оқу-жаттығу өткізілді.
Кешенді оқу-жаттығу барысында дайындық байқаулары өткізілді, азаматтық қорғау қызметтерінің ұйымдастыру құжаттары тексерілді және бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар қаупі мен туындауы кезінде тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар пысықталды.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі