
11 шілдеде Қарағанды облысының ТЖД «Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі Үздік мемлекеттік инспектор» байқауының бірінші кезеңі өтті.
Аталған байқауға Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдерінің қызметкерлері қатысты.
Байқау екі бөлімнен тұрды: теориялық және практикалық. Байқау қорытындысы бойынша:
І - орын Бұқар Жырау ауданының ТЖБ бас маманы азаматтық қорғау майоры Малышкин Владимир Вячеславович.
ІІ - орын Балқаш қаласы ТЖб аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Шмидкаль Эдуард Олегович.
ІІІ - орын Ақтоғай ауданының ТЖБ аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Айтжан Темірлан Темірханұлы.
Байқауда үздік нәтиже көрсеткен қызметкер Владимир Малышкин республикалық байқауға қатысады. Қызметкерімізге сәттілік тілейміз!
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі