Балқаштық өрт сөндірушінің ерлігі

Балқаштық өрт сөндірушінің ерлігі

Ағымдағы жылдың 31 мамырында 5-МӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы, азаматтық қорғау сержанты Майкотов Рауан Берікұлы балаларды өрттен құтқарды. Балқаш қаласы, Сәтпаев шағын ауданы, №12 үйдің үшінші қабатында орналасқан пәтерде өрт шыққан күні кезекті еңбек демалысында болған Рауан сол үйдің жанынан өтіп бара жатқан. Пәтер терезесінен шыққан қара түтінді көріп, ол дереу оқиға орнына жақындайды. Өрт сөндіру бөлімшелері шақырылғанын біліп, жанып жатқан пәтерде адамдардың бар-жоғын анықтауға кіріседі. Үйде ересектерсіз 3 және 6 жастағы екі бала болғаны туралы ақпарат Рауанды ерекше және сол кездегі жалғыз дұрыс шешім қабылдауға мәжбүр етті.
Көрші подъездегі қажетті қабатқа көтеріліп, Рауан пәтер иесіне қалыптасқан жағдайды түсіндіреді. Сол уақытта балконнан қорқыныш пен көзі жасына толы балаларды көреді. Жанып жатқан пәтердің шыны балконы түтінмен тез толтырылып жатты. Кез келген дұрыс емес әрекет балаларға ғана емес, Рауанның өзіне де қауіпті болуы мүмкін еді.
Барлық қиындықтарға қарамастан, Рауан балконның түбінен бір қолмен ұстап, терезені мұқият ашып, жанып жатқан пәтерге кіре алды. Барлық уақыт бойы ол балалармен әңгімелесіп, оларды тыныштандыруға тырысты. Одан әрі, оларды көрші балконда тұрған көршіге бір-бірден береді. Кәсіби дағдысының арқасында ол басты міндет – балаларды құтқарды. Рауан балалармен сыртқа шыққанда оларды ата-аналары қарсы алды. Осыдан кейін ғана балалар өз-өзіне келе бастады. Қазіргі уақытта балалардың денсаулық жағдайы-тұрақты және олардың өміріне еш қауіп төндірмейді.
Әріптестері келген соң, Рауан өрт сөндіру басшысына барлық ақпаратты жеткізді. Өрт ең аз алаңда сөндірілді, екі бөлмелі пәтердің ас үй бөлмесінде 5 шаршы метрде үй заттары мен жиһаздар жанған.
5-МӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы, азаматтық қорғау сержанты Майкотов Рауан көрсеткен батырлықтың арқасында қиын әрі өрт қауіпті жағдайда балалардың қаза болуы мен жарақаттануына жол берілген жоқ.

Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі