
Табиғи өрттер мен жануды болдырмау мақсатында Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлері полиция департаментінің, Қарағанды орман шаруашылығының, жергілікті атқарушы органдардың, «АТАМЕКЕН» ҚР ҰКП қызметкерлерімен және еріктілермен бірлесіп Қарағанды облысының орман алқаптарында профилактикалық рейдтік іс-шаралар жүргізуде.
Рейдтік іс-шаралар барысында орман қоры аумағында демалушыларға өрт қауіпсіздігі қағидаларының негізгі талаптары мен ормандардағы мінез-құлық қағидалары жеткізіліп, естелік ұсынымдар табыс етілді. Халықты барынша қамту үшін мобильді кешен және аудио хабарландыруы бар ұшқышсыз ұшу аппараттары тартылды.